Previous Page  418 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 418 / 520 Next Page
Page Background

418

Ислам ғылымхалы

қараңғы болғандықтан шайтан тасқа тимей қалуы және

басқа адамдарға зиян тию қаупі болғандықтан. Бірақ қазір

арнайы жарықтандыру жүйелері қолданылғандықтан,

аталмыш себептер кездеспей және күндіз адам тығыз

болғандықтан, күн батқаннан кейін лақтырудың еш

мәкрүһтігі жоқ.

Айттың екінші және үшінші күндері

(Зилхижжаның 11-і және12-сі)

Айттың екінші және үшінші күндері әр үш шайтан

тасқа (кішкентай, орта және үлкенге рет-ретімен) жеті

жетіден – 21 тас лақтырылады. Бұл күндердегі тас

лақтыру уақыты – түстен кейін басталып, ертесі күнгі

таң атқанға дейінгі уақыт. Бұл екі күнде түске дейін тас

лақтыруға болмайды.

Айттың төртінші күні

(Зилхижжаның 13-ші)

Айттың төртінші күні үш шайтан тастың

әрқайсысына жеті-жетіден 21 тас лақтыру абзал, бірақ

лақтырмаса да болады. Лақтырылмаған жағдайда барлық

лақтырылған тастың саны – 49. Ал, лақтырылса, 70

болады. Лақтырмайтын жағдайда, Минадан таң атпай

қайту керек, алайда төртінші күні де тас лақтыру уәжіп

болып қалады. Минаның Мекке жақтағы шекарасы

Ақаба жәмрасы (Үлкен шайтан тас) болуда. Сол Ақаба

жәмрасынан өту арқылы Минадан шыққанға санала-

ды.

Ханафи мәзһабындағы Имам Әбу Юсуп және Имам

Мұхаммедтің пікіріне сүйенсек, айттың төртінші күні тас

лақтырудың уақыты түстен кейін басталады. Түске дейін