Previous Page  416 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 416 / 520 Next Page
Page Background

416

Ислам ғылымхалы

4. Құрбан айт күні таңның атуынан бастап, күннің

шығуына дейінгі уақытта жасау. Кімде-кім таң атпа-

стан кетіп қалып, қайтып Муздәлифәға келмесе уақфасы

дұрыс болмайды. Бұл – Ханафи мәзһабында. Ал Шафиғи,

Ханбали мәзһабтарында уақфаның уақыты түннің екінші

жартысынан басталады. Бұл мәзһабтарда таңның атуы-

мен уақфа уақыты шығып, таң атқаннан кейін жасалған

уақфа дұрыс болмайды.

Түнді Муздәлифә аумағында өткізіп, таң намазын

ертерек оқып, намаздан кейін тәкбір, зікір айтып, дұға

жасап, уақфаны жарық болғанға дейін жалғастырып, күн

шықпастан Минаға қарай бет алу – сүннет.

Ақшам және Құптан намаздарын «жамғу-

тахирмен» оқу

Жамғу-тахир – бірінші намаздың уақытышыққаннан

кейін екінші намаздың уақытында екі намазды бірге

қосып оқу. Арафа күні ақшам және құптан намаздарын

құптан уақытында Муздәлифәда бірге, қосып оқу –

уәжіп. Азан оқылып, қамат түсірілгеннен кейін ақшам

намазының парызы оқылады. Сәлем берген соң, тәшриқ

тәкбірі айтылады. Сосын азан шақырылмастан, қамат

түсірілместен құптан намазының парызы оқылады.

Сәлемнен кейін тәшриқ тәкбірі айтылады. Осылайша

ақшам мен құптан намаздары бір азан, бір қаматпен

құптан уақытында оқылады. Сосын құптанның соңғы

сүннеті мен үтір уәжібі оқылады. Ақшам намазының

парызын оқығаннан кейін сүннетін оқу – мәкрүһ.