Previous Page  411 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 411 / 520 Next Page
Page Background

411

Қажылық

Әйелдер қажылық уақытында

хайыз күндерін кешіктіру үшін дәрі

қолдануларына бола ма?

Әйелдер хайыз күнінде Қағбаны тауап жасай

алмайтындықтан, хайыз күндерін кешіктірулері үшін

денсаулықтарына зияны тимейтін дәрі қолдануларына

болады. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) дәуірінде кейбір

әйелдер «а’рәк» деп аталатын су ішу арқылы хайыз

күндерін белгілі бір уақыт кешіктіретін-ді. Қазіргі заман-

да әйел адамдардың денсаулыққа зияны тимейтін арнайы

дәрілер арқылы қажылық уақытында хайыз күндерін

кешіктірулеріне болады.

Қажылықтың үш парызының біреуі

саналатын зиярат тауабының уақыты

әйелдердің хайыз күндеріне тура келіп

қалған жағдайда, бұл парызды қашан

атқарады?

Меккеде хайыз күндерінің бітуін күтеді. Хайыз

күндері біткеннен кейін міндетті түрде зиярат тауабын

атқарулары керек. Зиярат тауабын кешіктіргендері үшін

жаза өтелмейді. Егер зиярат тауабын хайыз, нифас яки

жүніп күйінде жасап қойған жағдайда, әлі Меккеде болса,

қайтадан жасау керек. Қайтадан жасамаған жағдайда,

жаза ретінде түйе немесе сиырды Харам аумағында

шалады.

2. Әйелдер мен еркектердің шариғатта әурет деп

саналатын мүшелерінің жабық болуы. Негізінде әурет

жердің жабық болуы әрқашан парыз. Тауапта уәжіптігінің

себебі, ашық болған жағдайда белгілі бір жаза мен тау-

апты қайтадан жасауды қажет еткендігі үшін. Парыз