Previous Page  414 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 414 / 520 Next Page
Page Background

414

Ислам ғылымхалы

қолды иықпен бірге ашық тастау. Ихрамды бұлай ора-

нуды «изтиба» дейді. Әйелдер изтиба жасамайды.

2. Зиярат тауабының алғашқы үш айналымында

иықтарды сілтіген бойда қысқа адымдармен жылдам-

жылдам жүру. Бұлай жүруге «рәмәл» делінеді.

3. Тауаптың айналымдарын бірінен кейін бірін

істеу. Дәрет алу үшін айналымды тоқтатуға болады.

4. Ер адамдардың мүмкіндіктеріне қарай Қағбаға

жақын тауап жасаулары, ал әйелдердің еркектердің

арасына араласпайтындай жерден тауап жасаулары

сүннет.

Қажылықтың уәжіптері

Қажылық ғибадатында қажылықтың парыздары мен

шарттарынан басқа уәжіп міндеттер бар. Қажылықта

уәжіптерді шариғатта үзір саналатын себептерсіз

тастау – тахриман мәкрүһ яғни, харамға жақын мәкрүһ.

Қажылықтың парыздары орындалып, уәжіптері

істелмеген жағдайда, қажылық дұрыс деп есептелінеді.

Бірақ шариғатта үзір саналатын себептерден тыс, басқа

себептермен уәжіптер орындалмай қалса, қажылықтың

дұрыс болуы үшін әрбір орындалмаған уәжіп үшін жаза

ретінде құрбан шалу керек. (Қажылықта және умрада

істелетін кемшіліктер және өтелетін жазалар бөліміне

қараңыз).

Істелмей қалған уәжіп қайтадан жасалған жағдайда

жаза өтелмейді. Мысалы, тауаптың парызы саналатын

төрт айналымды жасағаннан кейін, уәжіп үш айналымды

жасамаса, орындалмаған әр айналым үшін жаза беру

керек. Бірақ тауапты қайтадан толық жасаған жағдайда

жаза өтелмейді.