Previous Page  417 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 417 / 520 Next Page
Page Background

417

Қажылық

Шайтанға тас лақтыру

(Қажылықтың екінші уәжібі)

Шайтанға тас лақтыру: Қажылардың құрбан айт

күндерінде Минада бір-біріне жақын арақашықта

орналасқан тіктеулі тұрған үш шайтан тасқа кішкентай-

кішкентай тас лақтырулары – қажылықтың уәжіптерінің

біреуі. Бұл тіктеулі тастар: Кішкентай шайтан (жәмра),

Орта шайтан (жәмра) және Үлкен шайтан (Ақаба

жәмрасы).

Шайтанға тас лақтырудың уақыты

(Шайтанға тас лақтыру уақыты – Құрбан айттың

төрт күні)

Айттың алғашқы күні

(Зилхижжаның 10-ы)

Айттың алғашқы күні тек қана Үлкен шайтанға

(Ақаба жәмрасына) жеті тас лақтырылады. Алғашқы

тас лақтырылысымен қажылықтың басынан айтылып

келе жатқан «тәлбия» дұғасы тоқталады. Бұдан кейін

тәлбия айтылмайды. Айттың бірінші күні шайтанға тас

лақтырудың уақыты – таң атысымен басталып, ертесі

күні таң атқанға дейінгі мерзім. Айттың бірінші күні күн

шықпастаншайтанға тас лақтыру – мәкрүһ, күншыққанан

кейін түске дейін лақтыру – сүннет, түстен кейін күн

батқанға дейін лақтыру – жәйіз (рұқсат етілген), себепсіз

күн батқаннан кейін лақтыру – мәкрүһ. Адамдардың

тығыздығына байланысты күн батқаннан кейін лақтыру

мәкрүһ саналмайды. Күн батқаннан кейін лақтырудың

мәкрүһ болуының себебі, лақтырылған тастардың,