420
Ислам ғылымхалы
адам тасты ары қарай лақтырып жеткізсе, дұрыс емес.
Қайтадан лақтыру керек. Жерге тиіп немесе бір нәрсеге
соғылып барып белгіленген орынға тиіп немесе түсіп
жатса, дұрысқа есептеледі.
6. Тастарды арнайы белгіленген уақытта
лақтыру.
7. Шамасыжеткендердіңтастардыөздері лақтыруы.
Тұрып намаз оқи алмайтындай дәрежедегі аурулар
орындарына басқа біреуді өкіл етіп, лақтыртуларына
болады.
Шайтанға тас лақтырудағы сүннеттері
1. Тастарды 3-4-5 метр арақашықтан лақтыру
2. Жеті тасты бірінен кейін бірін лақтыру
3. Айттың 2,3,4-ші күндері, бірінші – Кішкентай
шайтан тасқа, екінші – Орта шайтан тасқа, үшінші –
Үлкен шайтан тасқа жеті-жеті тастан лақтыру
4. Әрбір тасты лақтырған сайын
«Бисмиллаһи,
Аллаһу әкбар, рағман лиш-шайтани уа хизбиһ»
деп
айту. Мағынасы: «Аллаһ ұлы, шайтан және оған ергендер
қаламаса да».
5. Лақтырылатын тастардың жүгеріден үлкен,
жаңғақтан кішкене болғаны дұрыс.
6. Тастардыайттың алғашқыкүні түске дейін, қалған
күндері түстен кейін күн батқанға дейін лақтыру
7. Кішкентай және Орта шайтан тастарға тас
лақтырғаннан кейін бір шетке тұрып, әке-шешесіне және
діндес бауырларына дұға жасап, тілек тілеу.
8. Ақаба жәмрасына (Үлкен шайтан тасқа) тастар-
ды Меккені оң жағына алып, Минаны сол жағына алып