426
Ислам ғылымхалы
5. Сағиді Сафа төбесінен бастау.
Сағи уәжіптері
1. Сағидің жаяу жасалуы. Ауру немесе кәрілікке
байланысты сағи жасай алмайтындар арнайы арбамен
жасауларына болады.
2. Сағидің жеті шаут жасалуы (Сафадан Мәруаға
бару – бір шаут, Мәруадан Сафаға кері қайту – бір
шаут)
Сағи сүннеттері
Басқа ғибадаттар сияқты сағидің де сүннеттері
бар. Бұл сүннеттерді орындау – үлкен сауапты іс. Бірақ
істелмей қалған жағдайда күнә болмайды.
1. Тауаптан кейін сағиді орындау. Яғни, тауап на-
мазын оқығаннан кейін дереу сағиға бастау.
2. Сағиді дәретпен жасау
3. Денесінде немесе үстінде намазға кедергі бола-
тындай нәжіс болмау
4. Сағиді бастамас бұрын қара тасқа сәлем беру
5. Әр жүгірісте Сафа және Мәруаның Қағба
көрінетіндей жеріне шығу
6. Әр жүгірісте Сафа және Мәруада жүзді құбылаға
бұрып, тәкбір, таһлил айтып, дұға жасау
Тәкбір дегеніміз:{ ُ
ر
َ
ب
ْ
ك
ُ
« }ألله
Аллаһу әкбар» деп айту,
ал, таһлил болса:
{لا إلَهَ إلاّالُُ وَحْدَهُ لا شَرِيكَ لَهُ, لَهُ الْمُلْكُ وَ لَهُ الْحَمْدُ وَ هُوَ عَلَي
كًلِّ شَيْءٍ قََََََََََدِيرُ}