Previous Page  428 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 428 / 520 Next Page
Page Background

428

Ислам ғылымхалы

Шаш алу немесе қысқарту

(қажылықтың төртінші уәжібі)

Шашты ұстарамен түгелдей алу немесе қайшымен

қысқарту – қажылықжәне умра уәжіптерінің біреуі. Аллаһ

Тағала Құран Кәрімде

«Одан кейін (шаштарыңды,

тырнақтарыңды алып) кірлеріңді кетіріңдер...»

425

,

– дейді. Әнас (Аллаһ одан разы болсын) былай деп

риуаят жасады:

«Пайғамбарымыз (с.а.у.) жәмраға келіп,

шайтанға тас лақтырған соң, Минадағы орнына барып

құрбан шалды. Одан кейін ұстарашыға «шашымды ал»

– деп, алдымен оң жағына, сосын сол жағына ишарат

етті. Сосын оны адамдарға бере бастады»

426

.

Шашты

түгелдей ұстарамен алғызу – қайшымен қысқартудан

абзал. Әйелдердің шаштарын тықырлап алғызулары

мәкрүһ. Шаштарының ұшынан кішкене қысқартса

жеткілікті.

Имам Әбу Ханифа және Имам Мұхаммед бойынша,

қажылық және умра үшін шашты Харам аумағында

427

алғызу немесе қысқарту – уәжіп. Харам аумағынан басқа

жерде алғызып немесе қысқартқан жағдайда жаза ретінде

құрбан шалынады.

Шаш алғызудың, қысқартудың мөлшері

қанша?

Шаштың төртте бірін тақырлатып алғызып немесе

төртте бірінің ұшынан қысқартқан жағдайда, бұл міндет

атқарылған болып, ихрамнан шығады.

425

Хаж 22/29.

426

Муслим, Хаж, 323(1305).

427

Харам аумағы: Өсімдіктерін жұлуға және аңдарына, жалпы

жан-жануарларына зиян тигізуге тыйым салынған Мекке және

оның айналасындағы қасиетті, мүбәрак жерлер.