Previous Page  433 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 433 / 520 Next Page
Page Background

433

Қажылық

намаздыгер, ақшам, құптан және Арафа күнінің таң на-

мазын Минада оқып, күн шыққаннан кейін Арафатқа

баруы – сүннет.

4. Құрбан айтқа қараған түнді

Муздәлифәда өткізу

Арафа күні күн батқаннан кейін қажылардың Ара-

фаттан Муздәлифәға барып түнеп, таң намазынан кейін

жарық түсе Минаға қарай жүрулері сүннет.

5. Айт күндерінде Минада қалу

Айт күндерінде яғни, зилхижжаның 10,11,12-інші

күндері Минада қалып түнеу – Ханафи мәзһабында,

сүннет, қалған мәзһабтарда – уәжіп.

Қажылық әдептері

1. Қажылық ғибадатын адал еңбекпен тапқан

қаржымен орындау. Харам ақшамен орындалған

қажылықпен парыз мойнынан түссе де, бұндай

қажылықтың сауабы болмайды.

2. Мойнында кісі ақысы

431

болса өтеу, иелерімен

халалдасу.

432

Уақыты келмеген қарыздарды өтеу шарт

емес.

3. Қажылыққа рухани дайындалу. Қажылыққа

бармас бұрын істеген күнәлары үшіншын жүрекпен тәубе

етіп, қаза болған намаз, оразалары болса, мүмкіншілігіне

қарай өтеу.

4. Қажылық ғибадатының қалай орындалатыны

жайында білетіндерден толық сұрап, үйрену.

5. Қажылық ғибадатымен басқаларға мақтану,

біреуге көрсету, паңдану сияқты сезімдер мен жаман

431

Елдің қарыздары, жалпы адамдарға байланысты хақтар.

432

Кешірім сұрап, риза қылу.