437
Қажылық
бастаған уақытта, умрада Мәсжидул-Харамның есігіне
жеткен уақытта тоқтатылады.
Меккедегі тұратын үйіне немесе қонақ үйіне
барғаннан кейін, мүмкіндік болса, ғұсыл болмаса
дәрет алып, Мәсжидул-Харамға тәлбия айтып барады.
Байтуллаһты (Қағбаны) көрісімен үш рет тәкбір және
тәһлил айтып, дұға жасалады. Парыз намазы оқылып
жатпаса, дереу тауапқа бастайды.
2. Тауап
Мәсжидул-Харамда тауап жасау «тахйиатул-
мәсжид» (мешітке сәлем беру) намазы ретінде
жүргендіктен, егер парыз намазы оқылып жатпаса, дереу
тауапты бастайды.
Ифрад қажылығында алғашқы жасалатын тауап –
«қадум тауабы», ал тәматтуғ және қиран қажылығында
болса – умра тауабы.
Ифрад қажылығын орындау үшін ихрамға кіргендер:
«Аллаһым, сенің ризалығың үшін қадум тауабын жасау-
ды ниет еттім. Қадум тауабын маған жеңілдет және
оны менен қабыл ал»
, – деп ниет етіп, тауапқа бастайды.
Арафаттан қайтқаннан кейін зиярат тауабының арты-
нан жасалатын қажылық сағиін қадум тауабынан кейін
де жасауға болады. Қадум тауабынан кейін жасалған
жағдайда, зиярат тауабынан кейін жасалмайды. Егер
қадум тауабынан кейін қажылық сағиін жасауды қаласа,