Previous Page  436 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 436 / 520 Next Page
Page Background

436

Ислам ғылымхалы

Тәматтуғ қажылығын орындайтындар

«Аллаһым, сенің ризалығың үшін умра жасауды

ниет еттім. Умраны маған жеңілдет және менен оны

қабыл ал»

– деп, тек қана умраға ниет етіп, артынан

тәлбия айтады.

Қиран қажылығын орындайтындар

«Аллаһым, сенің ризалығың үшін умра және

қажылық ғибадатын орындауды ниет еттім. Қажылық

пен умраны маған жеңілдет және оларды менен қабыл

ал»

– деп, қажылық пен умраға бірге ниет етеді. Сосын

тәлбия айтады.

Ниет және тәлбия айту арқылы ихрамға кіреді.

Ихрамға кіргеннен кейін ихрамда тыйылған барлық

тыйымдар басталады. Қағбаға жеткенге дейін жол бойы

тәлбия:

«ЛәббайкАллаһумма ләббайк, ләббайка лә

шәрика ләкә ләббайк, инналхамда уанниғмәтә ләкә

уалмулка лә шәрика ләк»

және тәкбір:

«Аллаһу әкбар,

Аллаһу әкбар лә илаһә иллаллоһу уАллаһу әкбар,

Аллаһу әкбар уә лиллаһилхамд»

және тәһлил:

«Лә

иләһә иллаллоһу уахдаһу лә шәрика ләк, ләһул-мулку

уә ләһул-хамду уә һуа а’ла кулли шайин қадир»

дұғалары және Пайғамбарымызға салауат айтылады.

Әсіресе, жоғары шыққан уақытта, төмен түскен

уақытта, басқа қажылармен кездескен уақытта,

намаздардың соңында жалпы әр мүмкіншілікті осындай

қасиетті зікірлерді айтумен өткізу керек.

Тәлбия қажылықта құрбан айттың бірінші күні

Үлкен шайтанға (Ақаба жәмрасына) тас лақтыруды