441
Қажылық
қараңыз). Құрбан айтқа қараған түн Муздәлифәда тәлбия,
тәкбір, таһлил, зікір және истиғфар айтып, ғибадатпен
және дем алып, тынығумен өткізіледі. Шайтанға тас
лақтыруда қолдану үшін Муздәлифәдан 70 түйір тас
жинап алу абзал. Әрине, басқа жерден жинауға да
болады.
3. Құрбан айттың бірінші күні
(зилхижжаның 10-ыншы күні)
Таң атқаннан кейін Муздәлифәда таң намазы
оқылады.Таң намазынан кейін Муздәлифә уақфасы жа-
салады. Жерге жарық түскенге дейін дұға етіліп, тілек
тіленеді. Сосын қажылар күн шықпай Минаға қарай бет
алады.
Минада шатырларға орналасқаннан кейін шайтанға
тас лақтыру үшін Үлкен шайтанға (Ақаба жәмрасына)
барады. Құрбан айттың бірінші күні Үлкен шайтан тасқа
(Ақаба жәмрасына) жеті тас лақтырылады. Әр тасты:
{بِسْمِ الِّ , ألُ أكْبَرُ رَغْمًا لِلشّيْطَانِ وَ حِزْبِهِ }
«Бисмиллаһи, Аллаһу әкбар, рағман лиш-
шайтани уа хизбиһ»
деп айтып, лақтырады. Мағынасы:
«Аллаһтың атымен! Аллаһ ұлы, шайтан және оған
ергендер қаламаса да».
Алғашқы тас лақтырылғанда
тәлбия айту тоқтатылады.
Үлкен шайтанға жеті тас лақтырғаннан кейін
тәматтуғ немесе қиран қажылығын орындаушылар
Харам аумағының кез-келген жерінде мойындарына
уәжіп құрбандарын шалады немесе басқа біреуді өкіл
жасап шалдырады. Ифрад қажылығын орындаушыларға
құрбан шалулары уәжіп болмағандықтан нәпіл құрбан
шалуларына болады.