447
Қажылық
салуына «жинаят» делінеді. Бұл жинаяттар білмей,
қателікпен, тіпті ұйықтаған күйде істелсе де, бәрібір
жаза өтеледі. Әрине, біле тұра істегендер материалдық
өтелетін жазаға қоса Аллаһ Тағалаға тәубе етіп, кешірім
сұраулары керек.
1. Қажылық пен умраның қайтадан
жасалуын (қаза етілуін) талап ететін
кемшіліктер
а) Қажылық жасау үшін ихрамға кіргеннен кейін
Арафатта тұрмастан бұрын әйелімен жыныстық қатынас
жасаған адамның қажылық ғибадаты толық бұзылады.
Бұндай жағдайлардағы адамдар ниет еткен қажылықтары
нәпіл қажылық болса да, келесі жылдары қаза ретінде
орындаулары тиіс. Бұнымен қоса қажылықта бүлдірген
кемшіліктері үшін жаза ретінде қой немесе ешкі құрбан
шалуы керек. Аллаһ Тағала Құранда: «
Хаж белгілі
(шәууал, зилқа’да, зилхижжаның алғашқы он
күні) айларда. Кімде-кім бұл айларда қажылықты
міндеттенсе, (мыналарды білсін!) әйелімен
жақындасуға, күнә істеуге және жанжалдасуға
болмайды»
440
, – деп қажылықта жыныстық қатынасты
тыйған.
б) Умра үшін ихрамға кіргенен кейін тауаптың
алғашқы төрт айналымын аяқтамастан жыныстық
қатынасқа түскен адамның умра ғибадаты бұзылады.
Бұзылған умраның қайтадан дұрыс орындалуы және
бүлдірілген кемшілік үшін қой не ешкіні құрбан ретінде
шалуы тиіс. Алғашқы төрт айналымды тәмамдағаннан
кейін жыныстық қатынаста болған адамның умрасы
440
Бақара,2/197.