Previous Page  448 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 448 / 520 Next Page
Page Background

448

Ислам ғылымхалы

бұзылмайды, бірақ бүлдірілген кемшілік үшін қой немесе

ешкіні құрбан ретінде шалуы керек.

2. Түйе немесе сиырдың жаза ретінде

шалынуын талап ететін кемшіліктер

а) Арафатта тұрғаннан кейін шашын алғызып

немесе қысқартып ихрамнан шықпас бұрын жыныстық

қатынаста болу.

б) Зиярат тауабын ер кісілер жүніп күйінде, әйелдер

хайыз немесе нифас күйінде жасау. Аталмыш күйде

жасалған тауаптың қайтадан жасалуы уәжіп. Қайтадан

жасалған жағдайда өтелетін жаза кешіріледі. Жаза – сиыр

немесе түйе.

3. Қой немесе ешкінің жаза ретінде

шалынуын талап ететін кемшіліктер екіге

бөлінеді:

1. Қажылықтың уәжіптерін орындамау

яки белгіленген уақытында орындамауға

байланысты кемшіліктер

а) Миқаттан ихрамсыз өту. Бұндай жағдайда

қажылық немесе умраға байланысты міндеттердің

ешқайсысын орындамай жатып, миқатқа қайтып келіп

ихрамға кірсе, өтелетін жаза кешіледі.

ә) Сағидің барлық айналымдарын немесе төрт яки

төрттен көбін орындамай қалдырған жағдайда.

б) Муздәлифә уақфасын үзірсіз (себепсіз) орында-

мау

в) Арафа күні арафаттан күн батпай қайту

г) Зиярат тауабын құрбан айттың үшінші күні күн

батқанға дейін орындамай, кейін орындау (Әбу Ханифа

бойынша).