449
Қажылық
д) Харам аумағының сыртында шаш алғызу немесе
қысқарту (Әбу Ханифа бойынша)
ж) Шайтанға тас лақтыруды мүлдем орындамау
немесе бір күнде лақтырылатын тастардың жартысы-
нан көбін (11тас) шайтанға тас лақтыру күндерінде
лақтырмау. Жартысынан көбі лақтырылса, лақтырылмай
қалған әрбір тас үшін садақа ғана беріледі.
з) Зиярат немесе умра тауабының соңғы үш айна-
лымын немесе біреуін орындамау.
и) Зиярат және умра тауабын дәретсіз, қадум және
уадағ тауаптарын жүніп күйінде жасау.
к) Миқат жерлерінің сыртынан келгендер қоштасу
(уадағ) тауабын түгелдей немесе төрт немесе одан да
көп айналымын орындамау.
л) Құрбан айттың бірінші күні Үлкен шайтан тасқа
(Ақаба жәмрасына) тас лақтыру, құрбан шалу, шаш
алғызу немесе қысқарту амалдарын рет-ретімен орын-
дамау, Имам Әбу Ханифада кемшілік (жинаят) санала-
ды.
м) Зиярат және умра, уадағ тауаптарында әурет
мүшелерінің ашық болуы.
2. Ихрам тыйымдарын істеуге байланысты
кемшіліктер
а) Шаш, сақал немесе дененің басқа жерлеріндегі
түктердің төртте бірін немесе одан да көбін қысқарту
немесе алу. Төртте бірінен аз болса, онда тек садақа ғана
беріледі.
ә) Бір уақытта және бір жерде денеге немесе бір
мүшеге түгелдей әтір себу немесе май жағу. Ем үшін
иіссіз май жағылса, жаза өтелмейді. Ихрамға себілген
әтірдің орнының ені және ұзындығы бір қарыстан көп,