Previous Page  446 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 446 / 520 Next Page
Page Background

446

Ислам ғылымхалы

Умра ғибадаты қалай орындалады?

Умра ғибадатын орындағысы келген адам миқатта

ихрамға кіру үшін дайындалып, екі рәкат ихрам намазын

оқығаннан кейін

«Аллаһым, мен сенің ризалығың үшін

умра жасауды ниет еттім, умраны маған жеңілдет

және менен қабыл ал»,

– деп ниет етіп, артынан тәлбия

дұғасын айтып, ихрамға кіреді. Басқа уақыттардағы

халал кейбір нәрселер ихрамды болған уақытта харам

болады.

Мәсжидул-Харамға келген уақытта

«Аллаһым, мен

сенің ризалығың үшін умра тауабын жасауды ниет

еттім, тауапты маған жеңілдет және менен қабыл

ал»,

– деп ниет етіліп, умраның тауабы жасалады. Тауап

біткеннен кейін мүмкін болса, Ибраһим мақамында,

болмаса мешіттің кез келген жерінде екі рәкат намаз

оқиды. Сосын

«Аллаһым, мен сенің ризалығың үшін умра

сағиін жасауды ниет еттім, сағиді маған жеңілдет

және менен қабыл ал»,

– деп ниет етіп, Сафа және

Мәруа төбелерінің арасында төрт рет бару, үш рет қайту

болып, жеті рет барып-келумен умраның сағи міндеті

атқарылады. Сағиді орындағаннан кейін шаштарын

алғызып, немесе қысқартып, ихрамнан шығады. Осы-

лайша умра ғибадаты аяқталады.

Қажылықта және умрада істелетін

кемшіліктер және өтелетін жазалар

Қажылық немесе умра ғибадаттарында уәжіп

болған амалдардың біреуінің орындалмай қалуы, тіпті

белгіленген уақытынан кешіктірілуі немесе ихрамға

кірген соң істелінуі харам болған тыйымдардың жа-