Previous Page  443 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 443 / 520 Next Page
Page Background

443

Қажылық

мен Рукнул-хажарул-әсуәдтің арасында мына дұға

оқылады:

{رَبّنَا آتِنَا فِي الدّنْيَا حَسَنَةً وَ فِي الآخِرَةِِ حَسَنَةً وَ قِنَا عَذَاب النّارِ. وَ

أدْخِلْنَاالْجَنّةَ مَعَ الأبْرَارِ, يَا عَزِيزُ يَا غَفّارُ, يَا رَبّ الْعَالَمِينَ}

«Раббәна әәтина фид-дуниәә хасанатан уа фил-

әәхирати хасәна, уа қина а’азабән-нар. Уа адхилнал-

жәнната ма’ал-абрар, Иа А’азизу иа Ғаффар. Иа

раббал-а’аламин»

.

Мағынасы:

«Раббымыз бізге бұл

дүниеде де, ақыретте де тек жақсылығыңды беріп, бізді

от азабынан сақта! Бізді жақсы, игі құлдарыңмен бірге

жәннатқа кіргіз. Уа, А’азиз, уа, аса кешірімді Ғаффар,

уа, бүкіл әлемнің Раббысы»

Алғашқы үш айналымда ер кісілер адымдарын жиі-

жиі алып иықтарын сілкіген бойда, жылдам-жылдам

жүреді. Бұлай істеуге «рәмәл» делінеді. Рәмәл істеу –

сүннет, істелінбеген жағдайда тауаптың дұрыстығына

зиян келтірмейді. Тауап аяқталғаннан кейін мүмкін

болған жағдайда, Ибраһим мақамында, болмаса мешіттің

кез келген жерінде екі рәкат намаз оқып, дұға жасалады.

Сосын зәмзәм суын ішеді.

Егер арафа күнінен бұрын қажылық сағиі жасалмаған

болса, зиярат тауабынан кейін жасалады. Зиярат

тауабының құрбан айттың үшінші күні ақшам уақытына

дейін жасалуы Имам Әбу Ханифа бойынша – уәжіп,

ал Имам Әбу Юсуп және Имам Мұхаммед бойынша –

сүннет. Жалпы Ханафи мәзһабында бұл тауапты құрбан

айттың бірінші күні жасау – абзал.

Зиярат тауабын жасаған соң Минаға қайта қайтып,

шайтанға тас лақтыру күндерінің түндерін сол жерде