440
Ислам ғылымхалы
1. Тәруия күні (зилхижжаның 8-інші күні)
Барлық қажылар тәруия күні (зилхижжаның 8-інші
күні) таң намазын Меккеде оқиды. Күн шыққаннан кейін
тәлбия, тәкбір, таһлил айтып, Минаға қарай бет алады.
Өйткені, Тәруия күні бесін, намаздыгер, ақшам, құптан
және арафа күнінің таң намазын Минада оқу – сүннет.
Бірақ қазіргі кезде оңай болсын деп Минаға бармай
бірден Арафатқа баруда.
2. Арафа күні (зилхижжаның 9-ыншы күні)
Қажылар арафа күні таң намазын Минада оқып,
күн шыққаннан кейін Арафат тауына қарай бет алады.
Түске дейін Арафатқа бару – сүннет. Арафатта түске
дейін шатырларда ғибадат жасап, дем алады. Түстен
кейін мүмкіншілікке қарай ғұсыл немесе дәрет алады.
Бесін және намаздыгер намаздарын бесін уақытында
бірге қосып, Намира мешітінде немесе шатырда оқиды.
Намаздан кейін Арафа тауының «Жәбалул-рахма» деген
жерінденемесеАрафатауыныңкезкелгенжеріндеуақфа
438
жасайды. Кәрі кісілер уақфаны өздерінің орналасқан
шатырларына жақынырақ жерде жасағандары абзал.
Өйткені шатырлар бір-біріне қатты ұқсас және көп
болғандықтан адасып кетулері әбден ықтимал. Күні бойы
күн батқанға дейін тәлбия, тәкбір, таһлил, зікір айтып,
дұға жасап, Аллаһ Тағаладан күнәларының кешірілуін
сұрап, жалбарынып тілек тілейді.
Қажылар күн батқаннан кейін ақшам намазын
оқымастан Муздәлифәға қарай бет алады. Ақшам және
құптан намаздарын құптан уақыты кіргеннен кейін
Муздәлифәда бірге қосып оқиды (Муздәлифә уақфасына
438
Ғибадат мақсатымен Арафат тауында тұру.