435
Қажылық
Қажылық ғибадатының бастан-аяқ толық
орындалу барысы
1. Ихрам
Қажылық амалдары ихрамға кіру арқылы басталады.
Ихрамға кірмес бұрын тырнақтарын және қолтықтың,
ұятты жердің түктерін алып, мүмкіншілік болса ғұсыл
433
құйынып, болмаса дәрет алады. Денеге байланысты осы
аталмыш дайындықтарды атқарғаннан кейін ер кісілер
әдеттегі киімдерін шешіп, рида
434
және изар
435
деп ата-
латын екі бөлік матамен оранады. Бастарына еш нәрсе
жабуға болмайды. Аяқтарына тәпішке киеді. Ал әйелдер
әдеттегі киімдерін ауыстырмайды. Оларға тігілген киім,
жабық аяқ киім, шұлық киюлеріне болады. Тек қана
беттерін жаппайды. Ер кісілер де, әйел кісілер де мәкрүһ
уақыт болмаса, екі рәкат «ихрам намазын» оқиды. Бұл
намаздың бірінші рәкатында «Кафирун» сүресін, екінші
рәкатында «Ықылас» сүресін оқиды. Одан кейін ниет
етіп, тәлбия айтып, ихрамға кіреді.
Ифрад қажылығын орындайтындар
«Аллаһым, сенің ризалығың үшін қажылық
ғибадатын орындауға ниет еттім, қажылықты маған
жеңілдет және оны менен қабыл ал»
– деп, тек қана
қажылыққа ниет етіп, артынан
«ЛәббайкАллаһумма
ләббайк, ләббайка лә шәрика ләкә ләббайк, иннал-
хамда уанни’мәтә ләкә уалмулка лә шәрика ләк»
,
– деп тәлбия айтады.
433
Денені толық жуу.
434
Рида: Белден жоғары қарай жабылатын сүлгі яки мата.
435
Изар: Белден төмен қарай жабылатын сүлгі яки мата.