432
Ислам ғылымхалы
1. Қадум тауабы
Қадум (араб тілінде) – бару, жету сияқты
мағыналарды білдіреді. Қадум тауабы – Меккеге келген
уақытта Қағбаға сәлем ретінде жасалатын алғашқы
тауап. Миқат шекараларының сыртынан келетін ифрад
және қиран қажылықтарын орындайтын қажылар үшін
қадум тауабы – сүннет.
Умра немесе тамматуғ қажылығын орындайтын-
дар, миқат шекарасының ішінде тұратындар, ифрад
қажылығын орындаушысы бола тұра Меккеге келме-
стен Арафат тауына шыққандар, хайыз, нифас сияқты
жағдайларға байланысты бұл тауапты жасай алмай
Арафатқа шыққан әйелдер қадум тауабын кейін жаса-
майды.
Қадум тауабыМеккеге келген уақыттан бастап, Ара-
фатта уақфа жасағанға дейінгі уақыт аралығында жасала-
ды. Қадум тауабы зиярат тауабы сияқты орындалады.
2. Қажылық хұтпалары
Қажылықта үш жерде хұтпа оқылу – сүннет.
Біріншісі, Арафа күнінен бір күн бұрынХарам-Шәріфте
430
бесін намазынан кейін, екіншісі, Арафа күні түстен кейін
Нәмира мешітінде намаздыгер уақытында қосылып,
бірге оқылатын бесін және намаздыгер намаздарынан
бұрын, үшіншісі, айттың екінші күні бесін намазынан
бұрын Минада «Масжидул-Хайфада» оқылады.
3. Арафаға қараған түнді Минада өткізу
Қажылардың зилхижжаның 8-інші күні күн
шыққаннан кейін Минаға қарай бет алып, сол күнгі бесін,
430
Масжидул-Харам.