Previous Page  430 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 430 / 520 Next Page
Page Background

430

Ислам ғылымхалы

Шаш алғызу яки қысқартудан кейін қандай

өзгерістер болады?

Шашты алғызу немесе қысқарту арқылы ихрам-

нан шығады. Ихрамды уақытта харам етілген әтірлену,

шаш, сақал бояу сияқты барлық нәрселер қайтадан халал

болады. Бірақ әйелімен жақындасу – шашты алғызып

немесе қысқартып, зиярат тауабын жасағаннан кейін

ғана халал.

Қоштасу (уадағ) тауабы

(қажылықтың бесінші уәжібі)

Қоштасу (уадағ) тауабы – қажылықтың соңғы амалы.

Алыстан келген қажылардың отандарына қайтпас бұрын

ихрамнан шыққан соң қоштасу тауабын жасаулары –

уәжіп.

Қоштасу тауабының уәжіптігінің шарттары

1. Қажылықтың басқа міндеттерін атқарған

болуы

2. Қажының Әфақи (сырттан келуші) болуы. Миқат

шекараларының ішінде Харам аумағында тұратындарға

уәжіп емес.

3. Әйелдердің хайыз және нифас болмаулары.

Хайыз және нифас күйінде Меккеден қайтқандар үшін

қоштасу тауабы міндеттен түседі. Меккеден шықпас

бұрын хайыз және нифастан тазаланса, қоштасу тауа-

бын жасау міндеттіліктен түспейді. Умра ғибадатын

орындаушыларға қоштасу тауабын жасау уәжіп емес.