Previous Page  431 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 431 / 520 Next Page
Page Background

431

Қажылық

Қоштасу тауабын дұрыс орындаудың

шарты мен уақыты

Зиярат тауабының жасалған болуы. Зиярат тауа-

бын орындамай тұрып жасалған қоштасу тауабы дұрыс

болмайды. Бұл тауапты миқаттан шыққанға дейінгі

кез-келген уақытта істей алады. Меккеден шығар кезде

қоштасу тауабын жасау – абзал. Бірақ одан да бұрын

жасауға болады. Егер бұрын жасалып қойса, Меккеден

шығар кезде қайта жасау шарт емес. Қоштасу тауабын

жасаған соң Қағбаға барып, намаз оқып, нәпіл тауап

жасауға болады. Бұндайда ең соңғы жасаған нәпіл тауабы

– қоштасу тауабы ретінде есептелінеді.

Қажылық сүннеттері

Қажылықтың парыздары, уәжіптері сияқты

сүннеттері де бар. Сүннеттерді орындау – үлкен сауапты

іс. Ал, себепсіз орындамау – мәкрүһ. Бірақ істелмеген

жағдайда жаза талап етілмейді. Қажылық ғибадатының

қалай атқарылатынын Пайғамбарымыз (с.а.у.) іс жүзінде

көрсеткен және

«Қажылық мәнасиктерін

428

менен

үйреніңдер, менің істегенім сияқты істеңдер»

429

, – деп

бұйырған. Міне, сондықтан кәміл қажылық сүннеттердің

де қалдырылмай толық орындалуы арқылы жүзеге

аспақ. Қажылықтың сүннеттері «негізгі сүннеттер»

және «тармақ сүннеттер» болып екіге бөлінеді. Тармақ

сүннеттер қажылықтың парыздары мен уәжіптеріне бай-

ланысты болғандықтан, қажылықтың парыздары мен

уәжіптерімен бірге қарастырылды. Қазір қажылықтың

негізгі сүннеттерін ғана жазамыз.

428

Қажылықтың арнайы амалдары.

429

Муслим, 2/943.