Previous Page  438 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 438 / 520 Next Page
Page Background

438

Ислам ғылымхалы

бұл тауапта «изтиба»

436

және «рәмәл»

437

жасалады.

Әйелдер изтиба жасамайды.

Қадум тауабынан кейін қажылық сағиі жасалмай-

тын болса, тауапта изтиба және рәмәл жасалмайды.

Тауап жасаған соң намаз оқи алатындай орын тапса,

Ибраһим мақамында, ал, егер қатты тығыз болып,

орын болмаса мешіттің кез келген жерінде екі рәкат

тауап намазы оқылып, артынан тауап дұғасы жаса-

лып, зәмзәм суы ішіледі. Сосын қаласа тәматтуғ және

қиран қажылығын орындаушылар умра сағиін, ифрад

қажылығын орындаушылар қажылық сағиін жасаулары-

на болады. Ифрад қажылығын орындайтындар қажылық

сағиін жасау арқылы ихрамнан шықпайды. Ихрамды

күйде қажылықтың қалған амалдарының орындалатын

күндерін күтеді.

Тәматтуғ қажылығын орындайтындар миқатта тек

қана умра үшін ниет еткендіктері үшін:

«Аллаһым, мен

сенің ризалығың үшін умра тауабын жасауды ниет

еттім, умра тауабын маған жеңілдет және менен

қабыл ал»

, – деп ниет етіп, умраның тауабын жасап, екі

рәкат тауап намазын оқығаннан кейін зәмзәм суын ішеді.

Сосын умраның сағиін жасау үшін Сафа төбесіне барып,

умра сағиін жасап, шашын алғызып яки қысқартып их-

рамнан шығады. Қажылыққа ниет етіп, қайтадан ихрамға

кіретін зилхижжаның сегізінші күніне дейін Меккеде их-

рамсыз күйде болады. Зилхижжаның сегізінші күнінде:

«Аллаһым, сенің ризалығың үшін қажылық ғибадатын

436

Изтиба: Дененің үстіңгі жағындағы жапқыштың бір ұшын

оң қолтықтың астынан өткізіп, сол иыққа тастап, оң қолды

иықпен бірге ашық тастау.

437

Рәмәл: Тауаптың алғашқы үш айналымында иықтарды сілтіген

бойда, қысқа адымдармен жылдам-жылдам жүру.