445
Қажылық
қайтады. Ибну Аббас бұл турасында «Әйел адам хайыз
жағдайында болса, қоштасу (уадағ) тауабын жасамастан
жолға шығуына рұқсат етілді»
439
, – деп риуаят еткен.
Міне, осылайша қажылық амалдары тәмамдалады.
Умра ғибадаты
Умра (араб тілінде) – зиярат ету деген мағынаны
білдіреді. Ал шариғаттағы терминдік мағынасы –
белгілі бір уақыттан тыс жылдың кез-келген уақытында
ихрамға кіріп, тауап және сағи жасағаннан кейін шашты
алғызып немесе қысқартып, ихрамнан шығу жолдарымен
атқарылатын ғибадат.
Умра ғибадатының үкімі
Ханафи, Малики мәзһабында мүмкіндігі болған әр
мұсылманға умра жасау – бекітілген сүннет. Ал Шафиғи
және Ханбали мәзһабтарында, шамасы жеткен әрбір
мұсылманға өмірінде бір рет умра жасау – парыз.
Умраның парыздары
1. Ихрамға кіру
2. Қағбаны тауап жасау
Умраның орындалатын уақыты
Жоғарыда білдіргеніміздей, умра ғибадатын кез-
келген уақытта орындауға болады, бірақ құрбан айт
күндері орындау – тахриман мәкрүһ. Умраның Рамазан
айында жасалуы абзал және сауабы мол.
439
Бухари, Хайыз/27, Хаж/144, Муслим, Хаж/382(1328).