450
Ислам ғылымхалы
иісі күндіз-түні кетпесе бір қой немесе ешкі жаза ретінде
шалынады, ал бір қарыстан аз болып, иісі күндіз-түні
жалғаспаса, жаза ретінде садақа беріледі.
б) Бір уақытта және бір жерде мүшелердің біреуін
қынамен (лак, далаппен
441
) бояу.
в) Ихрамды күйде әйелін құмарлық сезіммен сүю,
аймалау сияқты жыныстық қатынасқа тартатын іс-
әрекеттерді істеу.
г) Ер кісінің толық бір күндіз немесе толық бір түн
тігілген киім (әдеттегі киім, шұлық, іш киім, тобық жағы
жабық аяқ киім, т.б.) киюі, басын және жүзін жабуы.
Әйелдер тек қана беттерін жаппайды. Бір түн немесе бір
күндізден аз уақыт кисе, садақа ғана беріледі.
д) Бір жерде, бір уақытта барлық тырнақтарды
немесе бір қолдың немесе бір аяқтың тырнақтарын алу.
Егер тырнақтар бір жерде емес бөлек-бөлек жерлерде
және бөлек-бөлек уақыттарда алынса, әрбір тырнаққа
жеке-жеке жаза өтеледі. Бір қол немесе бір аяқтың
тырнақтарының бәрі емес, кейбіреулері алынса, әрбір
тырнақ үшін садақа беріледі. Құрбан шалынбайды.
Өздігінен түскен немесе сынған тырнақты алып
тастаған жағдайда жаза өтелмейді.
Ихрамға байланысты тыйымдар үзір себептерге бай-
ланысты істелсе де, жаза өтеледі. Ауырып қалу, жол
апатына ұшырау сияқты адамның еркінен тыс болатын
оқиғалардың салдарынан мысалға, шашы алынса немесе
киім кидірілсе, төмендегі үш жолдың қалаған біреуін
орындау арқылы жазасын өтейді.
1) Қалаған уақытында және қалаған жерінде үш күн
ораза ұстау.
441
Помада