454
Ислам ғылымхалы
Тәматтуғнемесеқиранқажылығынорындағандардың
умрамен бірге қажылықты да орындағандары үшін шүкір
ретінде құрбан шалулары – уәжіп.
Ифрад қажылығы немесе тек қана умра ғибадатын
орындағандарға кәффарат құрбанынан тыс құрбан ша-
лулары уәжіп емес. Бірақ нәпіл құрбан шалуларына
болады.
Һәди құрбандары екіге бөлінеді: уәжіп және
нәпіл
а) Нәпіл құрбан
Қажылық немесе умра ғибадатын орындаушылардың
мойындарына уәжіп болмаса да, сауап үшін шалатын
құрбанына «нәпіл құрбан» делінеді. Тек қана Ифрад
қажылығын немесе умра ғибадатын орындаушылардың
нәпіл құрбан шалулары – мұстахап.
б) Уәжіп құрбан
1. Тәматтуғ және қиран һәдиі – Тәматтуғ және
қиран қажылығын орындағандардың бір жылда қажылық
айларында умра және қажылықты бірге орындағандары
үшін шүкір ретінде шалатын уәжіп құрбан.
2. Жаза һәдиі – Қажылық және умраның
уәжіптерінің біреуінің орындалмай қалуы немесе
белгіленген уақытында орындалмауы, ихрам және Харам
аумағының тыйымдарын бұзу салдарынан кәффарат
ретінде шалынатын уәжіп құрбан.
3. Ихсар һәдиі – Қажылық немесе умраға ниет етіп,
ихрамға кіргеннен кейін әр түрлі бөгеттерге байланы-
сты Қағбаны тауап және Арафатта уақфа жасай алмай-