Previous Page  459 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 459 / 520 Next Page
Page Background

459

Қажылық

тындай дәрежеде ауру немесе кәрі болғандардың орнына

да қажылыққа баруға болады.

Хаасам тайпасынан бір әйел Пайғамбарымызға

(с.а.у.) келіп, былай деп сұрақ қойды:

– «Уа, Аллаһтың Елшісі! Аллаһ Тағаланың құлдарына

парыз қылған қажылық ғибадаты әкеме кәрілігінде

парыз болды. Бірақ ол бұл қажылық жолына шыдай

алмайды. Мен оның орнына қажылыққа барсам бола

ма?»

– Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Иә», – деп жауап

қатты.

Өкілдік шарттары

Парыз болған қажылықтың өкіл арқылы атқарылуы

үшін төмендегі мына шарттар болуы керек

1. Өкіл жіберетін адамға қажылық парыз болуы

керек. Парыз болмай тұрып өкіл арқылы орындалған

қажылық нәпіл қажылығы болып саналады. Парыз

болмай тұрып өкіл жіберткен адам балиғатқа толып,

қажылық парыз болғаннан кейін, қайтадан қажылыққа

бару керек.

2. Өкіл жіберетін кісі қатты кәрі болу, жазылуы

мүмкін емес ауру секілді себептер салдарынан өмірінің

соңына дейін қажылыққа бару мүмкіншілігінен мақұрым

болу керек. Басқа біреуді ауру кезінде өзінің орнына

қажылыққа жіберіп, орындатқаннан кейін ауруынан

айығып жатса, өзінің қайтадан қажылыққа баруы тиіс.

Өзі қажылық ғибадатын орындауға шамасы жете

тұра басқа біреуді орнына қажылыққа жіберсе, бұл

қажылық нәпіл болып саналғандықтан, мойнындағы