Previous Page  464 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 464 / 520 Next Page
Page Background

464

Ислам ғылымхалы

бақыруға және қабірінің темірлерін сүюге, сипауға,

қабіріне сәжде жасауға болмайды. Өйткені, бұндай

істерді істеу – бидғат. Дініміз бұндай әрекеттерге тыйым

салған.

Одан кейін оң жаққа қарай бір метрдей жүріп,

Хазіреті Әбу Бәкірдің қабірінің басына барып, «Әссәләму

а’лайка йа Халифата расулиллаһ» деп сәлем беріп,

Құран бағыштайды. Сосын оң жаққа қарай тағы бір

метрдей жүріп, Хазіреті Омардың қабірінің басына

барып, «Әссәләму а’лайка йа Әмирал-мүминин» деп

сәлем беріп, құран бағыштап, Пайғамбарымыздың

басына қайта келіп, салауат және сәлем айтып, Аллаһ

Тағаладан қайыр тілек тілеп, дұға жасайды. Міне, осы-

лайша Пайғамбарымыздың мешіті мен нұрлы қабіріне

деген зиярат тәмамдалады.

Қажылықта оқылатын сүннет дұғалар және

олардың оқылатын орындары

Тәлбия дұғасы

Тәлбия – ихрамға кірер алдында айтылуы уәжіп

болғанжәне ихрамда болғануақыттамолынан қайталанып

айтылатын сүннет дұға. Тәлбия дұғасы:

{لَبّيْكَ ألّلهُمّ لَبّيْكَ, لَبّيْكَ لا شَرِيكَ لَكَ لَبّيْكَ. إنّ الْحَمْدَ وَالنِّعْمَةَ

لَكَ وَالْمُلْكَ لا شَرِيكَ لَكَ}

«ЛәббайкАллаһумма ләббайк, ләббайка лә

шәрика ләкә ләббайк, инналхамда уанни’мәтә ләкә

уалмулка лә шәрика ләк»

452

«Қазақша мағынасы:

«Аллаһым, мен сенің әміріңді орындауға келдім, сенің

452

Бухари, Хаж, 26, Муслим, Хаж,147, Тирмизи, Хаж,97.