Previous Page  466 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 466 / 520 Next Page
Page Background

466

Ислам ғылымхалы

Ол – жалғыз, серігі жоқ. Барлық иелік Оныкі және

күллі мадақ оған тән. Оның барлық нәрсеге құдіреті

жетеді».

Шайтан тасқа әрбір тасты лақтырған

уақытта оқылатын дұға

{بِسْمِ الِ ,ألُ أكْبَرُ رَغْمًا لِلشّيْطَانِ وَ حِزْبِهِ}

«Бисмиллаһи, Аллаһу әкбар, рағман лиш-

шайтани уа хизбиһ»

– деп айтып, лақтырады. Мағынасы:

«Аллаһ ұлы, шайтан және оған ергендер қаламаса

да».

Тәшриқ тәкбірі

Арафа күні таң намазының парызынан кейін баста-

лып, құрбан айттың төртінші күні намаздыгер уақытына

дейінгі болатын әрбір парыз намаздың соңынан оқылуы

уәжіп дұға:

{أل ُ أكْبَرُ, أل ُ أكْبَرُ, لا إلَهَ إلاّ الُ وَالُ أكْبَرُ, أل ُ أكْبَرُ وَلََِِّ

الْحَمْدُ}

«Аллаһу әкбар, Аллаһу әкбар, лә иләһә иллаллоһу

уАллаһу әкбар, Аллаһу әкбар уа лиллаһил-хамд».

Мағынасы:

«Аллаһ ұлық (2 рет), Аллаһтан басқа

тәңір жоқ! Аллаһ ұлық (2 рет), Барлық мадақтар мен

мақтаулар тек Аллаһқа тән».