470
Ислам ғылымхалы
үшін сауап бар екенін былай деп сүйіншілеген:
«Саха-
балар Расулімізге (с.а.у.):
– Уа, Аллаһтың Елшісі, құрбандық деген не? – деп
сұрақ қойды.
– Құрбандық – сендердің Ибраһим (а.с.)
бабаларыңның сүннеті, – деді.
– Одан бізге қандай сауап бар?
– Әрбір тал қылшығы үшін сауап аласыңдар.
– Қойдың жүнінен ше?
– Қойдың жүнінің әрбір тал қылшығына да сауап
жазылады»
454
.
Шындығында, Аллаһ Тағала біздің шалған
құрбандарымыздың ағызылған қанына немесе етіне
мұқтаж емес. Біздің шалған құрбандарымыздың еті
немесе қаны Аллаһ Тағаланың құзырына жетпейді.
Бірақ біздің оның әмірін ләббайк деп орындауымыздағы
ықыласымыз бен ниетіміздің Аллаһ Тағалаға жетіп,
ризашылығына себеп болары сөзсіз. Бұл шындықты
Құран Кәрім былай деп баяндайды:
«Олардың (құрбан
малдарының) еттері де, қандары да Аллаһ Тағалаға
жетпейді. Бірақ Оған сендердің тақуалықтарың ғана
жетеді»
455
.
ә) Құрбан шалу – Ибраһим пайғамбарымыздан
(а.с.) жалғасып келе жатқан сүннет. Иә, Ибраһим
пайғамбарымыз (а.с.) Аллаһ Тағалаға берген
сөзінде тұрып, бауыр еті баласы Исмайылды Ұлы
Жаратушысының жолында пида ете алатындығын паш
етіп, қиын сыннан өткен еді. Міне, құрбан шалу сол бір
ғибратты оқиғаның ұмытылмас көрінісі.
454
Ибну Мажә, Сәуәбул-адахи, 3118.
455
Саффат, 37/107.