476
Ислам ғылымхалы
Құрбан малы қалай шалынады?
Құрбан ретінде шалынатын малды қинамау
үшін, өткір пышақ қолдану керек. Малды сою үшін
жерге жатқызғаннан кейін пышақты көз алдында
жалақтатып, қайрау – мәкрүһ. Ал, қинамай сою – сүннет.
Пайғамбарымыз бір хадисінде былай дейді:
«Малды
бауыздаған уақытта жақсылап бауыздаңдар. Кімде-кім
мал сойса, пышағын жақсылап қайрасын және тезірек
бауыздап малды рахатына қауыштырсын»
458
.
Құрбан ретінде шалынатын мал құбылаға қарата
жатқызылып, дұға ретінде мына аят оқылады:
هِّ رَبِّ الْعَالَمِينَ لا
{إنّ صَلاتِي وَ نُسُكِي وَ مَحْيَايَا وَ مَمَاتِي ل
شَرِيكَ لَهُ}
«Инна салати уа нусуки уа махиаиа уа мәмәти
лилләһиРаббил ‘аламиналәшәрикаләһ»
459
.
«Күмәнсіз
менің намазым және басқа ғибадаттарым, өмірім де,
өлімім де бүкіл әлемдердің Раббы Аллаһ үшін. Оның
еш серігі жоқ».
Одан кейін:
{أل ُ أكْبَرُ, أل ُ أكْبَرُ, لا إلَهَ إلاّ الُ وَالُ أكْبَرُ, أل ُ أكْبَرُ وَلََِِّ
الْحَمْدُ}
«Аллаһу әкбар, Аллаһу әкбарлә илаһа иллаллаһу,
уАллаһу әкбар, Аллаһу әкбар уа лиллаһил-хамд»
– деп, тәкбір айтып,
«Бисмиллаһи, Аллаһу әкбар»
–
деп бауыздалады. Тек қана құрбанның иесінің ғана
«Бисмиллаһи, Аллаһу әкбар»
– деуі жеткілікті емес.
Құрбанды бауыздаған адам да
«Бисмиллаһи, Аллаһу
458
Муслим, Сайд,57.
459
Анғам, 6/162.