Previous Page  477 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 477 / 520 Next Page
Page Background

477

Құрбан

әкбар»

– деуі керек. Әдейі ұмытпастан «

Бисмиллаһ»

деп айтпаса, құрбанның етін жеуге болмайды. Өйткені,

Аллаһтың аты айтылып, бауыздалмаған малдың етін

жеу – харам. Құрбанның иесі құрбанды бауыздайын деп

жатқан қасаптың қолының үстіне қолын қойып, бірге ба-

уыздаса, екеуінің де «Бисмиллаһ» деп айтулары керек.

Сойылатын мал құрбан ниетімен бауыздалу керек.

Малдың жаны шыққаннан кейін барып қана терісі сыпы-

рылады. Жаны шықпай жатып басын кесіп алып тастау

немесе терісін сыпыру–мәкрүһ.

Құрбандыққа шалынған малдың еті мен

терісі

Бай болсын, кедей болсын құрбан айтта шалған

құрбандығының етін жеуіне болады. Құрбандыққа

шалынған малдың етін үш бөлікке бөліп тарату –

мұстахап. Бір бөлігі – туған-туыс, көршілеріне бай

болса да сыйға тартылады, екінші бөлігі – кедей және

мұқтаж адамдарға, үшінші бөлігі – өзінің отбасына,

бала-шағасына беріледі. Бірақ шалынған малды түгелдей

кедей-мұқтаждарға таратуға болатыны сияқты, түгелдей

өзінің отбасына қалдыра алады.

Аллаһ Тағала Құран Кәрімде құрбанның еті тура-

сында былай дейді: «Құрбанның етінен өздерің жеңдер

әрі міскіндер мен кедейлерге жегізіңдер»

460

.

Пайғамбарымыздың (с.а.у.) шалған құрбанының

етін қалай таратқандығы турасында Ибну Аббас былай

деп риуаят етті:

«Пайғамбарымыз (с.а.у.) шалған

құрбандығының үштен бірін – отбасына, үштен бірін

460

Хаж, 22/28.