483
Аңшылық
Аллаһ Тағала бүтін дүниені әлсіз адам баласының
пайдасына жаратқан. Сол адам баласының қызметіне
ұсынылған сансыз әлемнің ішінде өз басына жеке бір
әлем болып саналатын жан-жануар әлемін де адам үшін
жаратып, әміріне бой ұсындырған. Міне, сондықтан біз,
адам баласы, қой, ешкі жылқы, сиыр және түйе сияқты
үй жануарларын және бұларға қоса жабайы, етін жеуге
болатын, яки, етін жеуге болмаса да жүнін, терісін,
мүйізін қолданауға жарамды жан-жануар, аңдарды
пайдаланудамыз. Иә, теңіздің тереңдіктеріндегі түрлі-
түрлі, сан алуан балықтар болсын, тау-тастардағы немесе
ну ормандардағы неше түрлі аңдар болсын бәрі адам
баласы үшін жаратылғандықтан, олардың етін және тері,
мүйіздерін пайдалану мақсатымен аулауға Ислам діні
теріс қарамайды. Бірақ тек қана қызық үшін бейкүнә
аңдарды аямастан қыра беруге де тыйым салады. Бейкүнә
аңдарды тек қана құмарлықты басу үшін қырып-жою,
біріншіден, аңдардың азаюына, екіншіден, мейірімділік
қасиетімен безендіріле жаратылған адам баласын
қатыгездікке тәрбиелейтіні сөзсіз. Пайғамбарымыз
(с.а.у.) бұл турасында былай дейді:
«Кімде-кім бір құсты
бостан-босқа, мұқтаждықсыз өлтірсе, ол құс қиямет
күні былай деп үн қатады: «Уа, Раббым! Пәленше мені
пайдасы үшін ауламай, бостан-босқа өлтірді»
462
.
462
Әт-Тәрғиб уәт-Тәрһиб, 2/158.