489
Аңшылық
Халал малдардың кейбір жағдайларға
байланысты харамдануы
1. Бауыздаусыз өз-өзінен өлген малдың етін жеу
– харам. Мұндай өз-өзінен өлген малдың етін жеу ба-
уыздалып, денесіндегі қан сыртқа ақпағандықтан жалпы
адамның табиғатына теріс және жиркенішті нәрсе.
Біріншіден, мұндай өз-өзінен өлген мал бойындағы
бір аурудың яки уланудың салдарынан өледі. Ал ауру
малдың етінің адамның денсаулығына зиянды екені
медициналық тұрғыдан дәлелденген. Екіншіден, өз-
өзінен өлген малдың етінің харам екенін білетін әрбір
адам қолындағы малдың күтіміне және емделуіне көңіл
бөлері сөзсіз. Үшіншіден, Аллаһ Тағала мұндай өз-өзінен
өлген малдарды ит, құстарға және де басқа жыртқыш
аңдарға рызық ретінде берген. Бірақ өз-өзінен өлген
малда жоғарыда айтылған зияндар болмаған күннің
өзінде де Аллаһ Тағаланың
«өз-өзінен өлген өлексенің
етін жемеңдер»
деген әмірі шынайы мұсылмандардың
«ләббайка, Аллаһым»
деп бой ұсынып, тыйымдарынан
тыйылулары үшін жеткілікті.
2. Буынып, биіктен құлап, басқа малмен сүзісіп,
яки бір нәрсемен ұрып өлтірілген малдарды және
жыртқыштардан қалған жемтік етті жеу – харам. Бірақ
аталмыш жағдайдағы малдар өлмей жатып бауыздал-
са, жеуге болады. Аллаһ Тағала Құран Кәрімде былай
дейді:
«Сендерге өлексе (бауыздалмаған мал), қан,
шошқа еті, Аллаһтан басқаның аты айтылып
бауыздалған, буынып, құлап, сүзісіп өлген мал және