Previous Page  485 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 485 / 520 Next Page
Page Background

485

Аңшылық

Ауланған аңның етінің халал болуы үшін

керекті шарттар

1. Ауланған аңның шариғатта етін жеуге болатын

аң болуы.

2. Аңшының мұсылман немесе кітап иесі (хрис-

тиан немесе еврей) болуы. Кітап иелерінің аулаған

аңдары – Аллаһтың атын айтып, ауланған жағдайда

ғана халал. Иләһи кітап түспеген пұтқа, отқа, жұлдызға

табынушылардың аулаған аңдарының етін жеуге бол-

майды.

3. Аңға оқ атқан уақытта немесе үйретілген ит,

құстарды жіберген уақытта «Бисмиллаһ» деп, Аллаһ

Тағаланың атын айту. Құран Кәрімде:

{وَمَا عَلّمْتُمْ مِنَ الْجَوَارِحِ مُكَلِّبِينَ تُعَلِّمُونَهُنّ مِمّا عَلّمَكُمُ الُ, فَكُلُوا

مِمّا أمْسَكْنَ عَلَيْكُمْ وَاذْكُرُوا اسْمَ الِ عَلَيْهِ}

«Аллаһ Тағаланың сендерге үйреткен ілімі

арқылы үйретіп, тәрбиелеген жыртқыштардың

сендерүшінаулағанаңдарынжеңдержәне олардыаңға

жіберген уақытта Аллаһтың атын айтыңдар...»

464

.

«Бисмиллаһ» сөзі әдейі айтылмаса, ауланған аңның

етін жеу – харам. Ұмытылып айтылмай қалған жағдайда

жеуге болады.

4. Ауланған аң тірідей қолға түссе, «Бисмиллаһ»

деп бауыздау керек. Тірідей қолға түсіп, кешіктіру

себебімен бауыздаусыз өліп кетсе, ол аңның етін жеуге

болмайды. Бірақ қатты қансырап өлейін деп жатса, ба-

уыздамаса да болады. Тірідей қолға түскен аңды міндетті

түрде бауыздау шарт емес, үшкір, қырлы тас немесе

464

Мәида, 5/4.