

480
Ислам ғылымхалы
айықсам, бір қойды құрбандыққа шаламын деп ниет етсе,
ауруынан айыққан жағдайда, бір қой шалуы – уәжіп.
Нәзір құрбанына шалынған малдың етінен, шалған
адамның өзіне, балаларына, немерелеріне және әке-
шешесіне тіпті ата-әжелеріне жеуге болмайды. Түгелдей
садақа ретінде кедейлерге таратылуы тиіс. Шалынған
құрбанның бір бөлшегі аталмыш адамдар тарапынан
желінген жағдайда сол желінген бөлшектің құнын ке-
дейлерге тарату керек.