

484
Ислам ғылымхалы
Аңдардыбалалаунемесежұмыртқалаумерзімдерінде
аулаудан сақтану – мейірімді адам баласының ұмытылмас
міндеті.
Ойын-сауық құрып, құмарлық үшін барлық уақытын
аңдардың соңында өткізіп, аңды қалай аулағанын, қалай
қуалағанын айтуды ермек қылған адам негізгі көңілін
бөлетін маңызды нәрселерді ұмыт қалдырып, рухани-
яттан мақұрым қалары сөзсіз. Пайғамбарымыз (с.а.у.)
бір хадисінде: «Аңның соңына түскен адам ғафыл
(бейқам) болады»
463
– деп, осы шындыққа назарымыз-
ды аударған.
Қорытынды ретінде айтар болсақ, аң аулап, ризық
табу – халал кәсіп жолы. Десек те, басқа ризық табу
жолдары одан абзалырақ.
Қандай жолдармен аң ауланады?
1. Аңды жаралап, қансырататын мылтық, садақ
сияқты қару арқылы.
Аңның терісін жыртып немесе тесіп қанын ағыза
алмайтын шоқпар, таяқ сияқты құралдармен ұрып,
тоқпақтап өлтірілген аңдардың етін жеуге болмайды.
2. Үйретілген бүркіт, қаршыға сияқты құстар мен
үйретілген ит арқылы.
Аңшылыққа жарайтын ит, құстардың
үйретілгендіктерінің белгісі аңға жібергеннен кейін
иесінің шақырған уақытында дереу келулері және ұстаған
аңдарының етінен ұстаған уақытта жемеулері.
3. Тұзақ, қақпан құру арқылы.
463
Тирмизи, Фитан/69.