

487
Аңшылық
7. Аңға үйретілген ит-құстардың, денелерімен
соғып немесе тұншықтырып ешжарақаттамастан өлтірген
аңдарының етін жеуге болмайды. Өйткені, аңшылықта
аңды жарақаттау бауыздаудың орнына жүреді. Міне,
сондықтан, ауланған аңда жарақат жоқ болып қан ақпаса,
бауыздаусыз арам өлген болып есептеледі.
Ислам дініндегі еті желінетін және еті
желінбейтін хайуандар
Дінімізде еті желінетін және еті желінбейтін хайуан-
дар тек қана суда өмір сүретін, суда да, құрлықта да өмір
сүретін және тек қана құрлықта өмір сүретін хайуандар
болып үшке бөлінеді.
1. Тек қана суда өмір сүретін хайуандар
Ханафи мәзһабында жалпы суда өмір сүретін хайу-
андардан тек қана балық түрлері желініп, балық түріне
жатпайтын суда өмір сүретін барлық хайуандардың еті
желінбейді
465
. Сырттан белгілі себептің салдарынсыз
өздігінен өлген балықтың еті желінбейді. Бірақ судың
тартылуына байланысты, қатты ыстық немесе қатты
суықтың салдарынан өлген немесе құстар тарапынан
өлтірілген балықтардың етін жеуге болады.
2. Суда да, құрлықта да өмір сүретін
хайуандар
Кесіртке, жылан, тасбақа, қолтырауын, дельфин т.б.
осы тәріздес әрі суда, әрі құрлықта өмір сүре алатын
хайуандардың еті желінбейді.
465
Ханафи мәзһабынан басқа мәзһабтарда барлық суда өмір
сүретін хайуандар желінеді.