492
Терминдерге түсінік
Азан:
Хабар беру, білдіру. Парыз намаз уақытын
білдіретін арнайы сөздер.
Айн парыз:
Жалпы парыз. Әрбір мұсылманға
тікелей жүктеліп, өтеуге борышты парыздар.
Ақиқа құрбаны:
Аллаһ Тағаланың нәсіп еткен
перзентіне (жаңа сәбиге) шүкір ретінде шалынатын
құрбандық мал.
Ақырғы отырыс:
Соңғы рәкаттан кейінгі «әт-
тахият» дұғасы оқылатын отырыс.
Атау, нәзір:
Аллаһқа ғибадат мақсатымен өзіне
тікелей міндет жүктелмесе де бір істі жасауға шешім
қабылдап, осындай бір істі өзіне уәжіп ету мен Аллаһқа
уәде беруі.
Әмин:
Аллаһым, дұғамызды қабыл ет!
Әт-тахият:
Намаз отырысында оқылатын дұға.
Әурет:
Қарауы харам, жабылуы парыз мүшелер.
Ер кісілер үшін кіндік пен тізенің арасы, әйелдер үшін
бет-жүзі, білекке дейінгі екі қолы және тобыққа дейінгі
екі аяғынан басқа барлық жерлері.
Әһли кітап:
Аллаһтан кітап берілген еврей мен
христиандар.
Балиғат шағы:
Қыз баланың 9-15, ер баланың 12-15
жасқа келіп, кәмелетке толуы.
Бәни Һашим:
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) туыстары
болып саналатын Һашим ұрпақтары.