497
Ислам ғылымхалы
Мисуак:
Араб түбегінде өсетін, тісті тазалауда
қолданылатын ағаш.
Муәллафатул-қулууб:
Мұсылман болу бақытына
әлі кенелмеген кейбір адамдардың жаманшылығынан
сақтану үшін және Ислам дінін жаңадан қабылдаған
иманы әлсіз адамдардың, тіпті әлі Исламды қабылдамаған
кейбір адамдардың көңілін жібіту үшін кедей болсын,
басқа болсын зекеттен белгілі есе беріліп отырған адам-
дар.
Муздәлифә:
Арафат пен Минаның ортасында
орналасқан жердің аты. Қажылықта Арафа күнінің
құрбан айтқа қараған түнін толық Муздәлифәда өткізу
– сүннет
Мун’ақид анты:
Іске асу мүмкіндігі бар, жалпы
болашаққа байланысты бір нәрсе жайлы ант ету.
Мұнафық:
Күпірлігін жасырып, жұртқа мұсылман
болып көрінген адам.
Мұстахап:
Аллаһ Елшісінің (с.а.у.) кейде жасап,
кейде жасамаған іс-әрекеттері. Сәске намазы секілді
кейбір нәпіл намаз бен оразалар осыған жатады.
Мүәккад сүннет:
Хазіреті Пайғамбарымыздың
(с.а.у.) әрдайым жасап, ілуде жасамаған сүннеттері. Таң,
бесін, ақшам намаздарының сүннеттері, т.б.
Мүбаһ:
Жасалуы мен жасалмауында діни жағынан
ешқандай тосқауыл болмаған, яғни жауапкердің еркіндегі
іс-әрекеттер. Мәселен, тамақ ішу, ұйықтау, т.б.
Мүпсит:
Басталған ғибадатты бұзатын нәрсе. На-
мазда өз-өзін ұстай алмай күлу, т.б.
Міскін:
Түгі жоқ, мұқтаж адамдар.