Previous Page  499 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 499 / 520 Next Page
Page Background

499

Ислам ғылымхалы

Рида:

Қажылықта белден жоғары қарай жабатын

сүлгі немесе мата.

Рүкүғ:

иілу. Қолдарды тізеге қойып, төмен қарай

иілу. Намаздың негізгі парыздарының бірі.

Рүкүн:

Парыз, негіз.

Сағи:

Араб тілінде шапшаң жүру, жүгіру деген

мағынаны білдіреді. Ал шариғаттағы терминдік

мағынасы: Мәсжидул-Харам жақта орналасқан Сафа

және Мәруа төбелерінің арасында Сафа төбешігінен

бастап, Мәруада аяқтау шартымен төрт рет барып, үш

рет қайтып келу.

Салауат:

Аллаһ Елшісіне (с.а.у.) айтылатын ерекше

дұға.

Сәжде:

Бағыну, мойынсұну, кішіпейілдікпен иілу.

Маңдайды және мұрынды жерге тигізу «сәжде» деп ата-

лады. Сәжде намаздың ішкі парызының бірі.

Сәләфи:

Сахабалардан кейінгі ғалымдар.

Сәһу сәждесі:

Қателік сәждесі.

Сүннет:

Парыз бен уәжіптен бөлек Аллаһ Елшісі

(с.а.у.) жасаған, «жасаңдар» деп әрі жасалуына ризалығын

білдірген іс-әрекеттер.

Тағала:

Ұлы, асқақ, жоғары. Аллаһтың ұлылығын

білдіретін сөз. Әрі Аллаһ сөзін айтқанда, жазғанда

қолданатын әдептілік белгісі.

Тағдил әркан:

Намаздың ішкі парыздарын көңіл

толатындай етіп, дұрыстап жасау.

Тауап:

Қағбаны ғибадат ниетімен жеті рет айналу

Тахият дұғасы:

Намаздың алғашқы отырысында

және ақырғы отырысында оқылатын дұға.

Тахиятул-мәсжид:

Мешітке сәлем беру деп атала-

тын мешітке кірген кезде отырмастан оқылатын намаз.