Previous Page  500 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 500 / 520 Next Page
Page Background

500

Ислам ғылымхалы

Тахримән мәкрүһ:

Харамға жақын мәкрүһ. Дәрет

алғанда суды ысырап ету, т.б.

Тәжһиз:

Әзірлеу. Жаназаның жуылуынан көмілуіне

дейін жасалатын діни істер.

Тәйәммүм:

Су болмаған яки су бола тұрып, пай-

далана алмаған кезде таза топыраққа соққан қолдары

арқылы жүзі мен екі қолын шынтаққа дейін мәсіх етуі.

Тәлбия:

Ихрамға кірер алдында айтылуы уәжіп

болғанжәнеихрамдыболғануақыттамолынанқайталанып

айтылатын сүннет дұға. Ол дұға: «ЛәббайкАллаһумма

ләббайк, ләббайка лә шәрика ләкә ләббайк, инналхам-

да уанниғмәтә ләкә уалмулка лә шәрика ләк. «Қазақша

мағынасы: «Аллаһым, мен сенің әміріңді орындауға

келдім, сенің әміріңе бой ұсындым (2 рет). Сенің серігің

жоқ, сенің әміріңді орындау – менің борышым. Күмәнсіз,

барлық мадақ саған тән және жалпы иелік пен нығмет

сенікі. Сенің еш серігің жоқ».

Тәматтуғ қажылығы:

Қаж айларында умра

үшін ихрамға кіріп, умраны бітірген соң, сол жылғы

Зилхижжаның сегізінші күні немесе одан да бұрын

қажылық үшін қайтадан ихрамға кіру арқылы жаса-

латын қажылық түрі. Тәматтуғ қажылығында умра

және қажылық үшін бөлек-бөлек ихрамға кіреді.

Тәматтуғ қажылығында умра мен қажылықты бірге

орындағандықтан шүкір құрбанын шалу – уәжіп.

Тәнзиһән мәкрүһ:

Адалға жақын мәкрүһ. Мұрынды

оң қолмен шаю, т.б.

Тәруия күні:

Зилхижжа айының 8-інші күні.

Тәсбих:

Аллаһ Тағаланы шірк атаулыдан,

нұқсандықтан пәктеу.