Previous Page  501 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 501 / 520 Next Page
Page Background

501

Ислам ғылымхалы

Тәһажжүд намазы:

Түннің жартысынан бастап,

сәре уақытының аяқталуына дейінгі уақытта оқылатын

намаз түрі.

Тәшәһһүд:

әт-Тахият дұғасы оқылатын намаздың

алғашқы және ақырғы отырысы.

Тіләуат сәждесі:

Сәжде аяттарын естіген яки оқыған

кезде арнайы жасалатын сәжде.

Уадағ (қоштасу) тауабы:

Қажылықта Минада

шайтанға тас лақтырғанан кейін Меккеге қайтқан

кезде жасалатын тауап. «Садәр тауабы» деп те атала-

ды. Қажылыққа сырттан келгендер үшін бұл тауапты

жасау – уәжіп.

Уақфа:

Бір мезет ғибадат ниетімен арнайы

уақыттарда Арафат тауында және Муздәлифада тұру.

Уәжіп:

Орындалуыдәлпарыз секілді талап етілмеген,

қуатты дәлелдермен анықталған іс-әрекет пен уазипалар.

Құрбан шалу, үтір және айт намазын оқу, т.б.

Умра тауабы:

Умраға барғанда жасалатын тауап.

Бұл тауаптың алғашқы төрт айналымы – умраның па-

рыздарынан, міндетті түрде жасалуы керек. Жасалмаса,

умрасы дұрыс болмайды. Қалған үш айналым орындал-

маса, арнайы жаза өтеледі.

Умра:

Белгілі бір уақытқа байланбай жылдың

кез келген уақытында ихрамға кіріп, тауап және сағи

жасағаннан кейін шашты алғызып немесе қысқартып,

ихрамнан шығу жолдарымен атқарылатын ғибадат.

Үзір қаны:

Құрсақтан емес, ақау тамырдан ағатын

қан.

Үлкен хадас:

Жүніп, хайыз, нифас.

Фәтуа:

Құран және сүннеттен белгілі бір ережелерге

сүйеніп, шығарылатын үкімдер.