498
Ислам ғылымхалы
Намаз:
Тәкбірмен басталып, сәлеммен аяқталатын,
ерекше қимылдар мен сөздерден тұратын ғажайып
ғибадат.
Нәжісат:
Ғибадаттың іске асуына кедергі жасайтын
ластықтар.
Нәзір құрбаны:
Белгілі шарттардың орындалуына
байланысты немесе байланыссыз мұсылман баласының
бір малды құрбандыққа шаламын деп, Аллаһ Тағалаға
уәде етіп, уәденің уақыты келгенде шалатын малға «нәзір
құрбаны» делінеді.
Нәпіл:
Парыз бен уәжіптен тыс Аллаһ Тағалаға
жақындау үшін жасалатын ғибадаттар.
Нәпіл тауап:
Парыз және уәжіп болмаған нәпіл
тауап.
Нисап:
Зекетті, құрбан шалудыжәне пітір садақасын
беруді парыз яки уәжіп ететін белгілі байлық мөлшері.
Нифас:
Әйел адам босанған кезде жатырынан
келетін қан.
Ораза:
Екінші таң шапағынан бастап, күн батқанға
дейін Аллаһ үшін ауыз бекіту.
Пақыр:
Нисап мөлшеріне жететін байлықты ие-
ленбеген адамдар.
Парыз:
Анық және бұлтартпас дәлелдермен әмір
етілген діни іс-әрекеттер мен міндеттер. Намаз оқу, ораза
ұстау, зекет беру, т.б.
Пітір садақа:
Күнделікті қолданылатын негізгі
қажеттерінен тыс, кем дегенде, нисап мөлшері (85 г.
алтын) байлыққа ие адамға уәжіп садақа.
Рәмәл:
Тауаптың алғашқы үш айналымында
иықтарды сілтіген бойда, қысқа адымдармен жылдам-
жылдам жүру.