493
Ислам ғылымхалы
Ғайру мүәккад сүннет:
Пайғамбарымыздың (с.а.у.)
кейде жасап, кейде жасамаған сүннеттері. Намаздыгер
мен құптанның алғашқы сүннеттері, т.б.
Ғамус анты:
Жалған ант. Бір нәрсені біле тұра әдейі
жалған ант ету.
Ғиддәт:
Әйел адамның күйеуінен талақ болғаннан
кейін немесе күйеуі қайтыс болғаннан кейін күтетін
белгілі уақыт.
Ғұсыл:
Араб тілінде жуыну, шариғатта бүтін
дененің арнайы түрде толық жуылуы.
Дәрет:
Исламда кейбір ғибадаттарды іске асыру
үшін және жеке басы да ғибадат саналатын арнайы та-
залану түрі.
Жам’у тахир:
Бірінші намаздың уақыты шыққаннан
кейін екінші намаздың уақытында екі намазды бірге
қосып оқу. Арафа күні ақшам және құптан намазда-
рын құптан уақытында Муздәлифәда бірге қосып оқу
– уәжіп.
Жаназа намазы:
Өлген мұсылманға оқылатын
намаз түрі.
Жәйіз:
Дінде рұқсат етілген жалпы іс-әрекеттер.
Жәмралар:
Минада бір-біріне жақын арақашықта
орналасқан тіктеулі тұрған үш шайтан тас. Бұл тіктеулі
тастар: Кішкентей жәмра, Орта жәмра және Үлкен жәмра
(Ақаба жәмра) деп аталады.
Жинаят:
Қажылық немесе умра ғибадаттарындағы
уәжіп амалдардың біреуінің орындалмай қалуы, тіпті
белгіленген уақытынан кешіктірілуі немесе ихрамға
кіген соң істелінуі харам тыйымдардың жасалуы.
Зиһар:
Исламнан бұрынғы дәуірде араб әлемінде
әйелдерді талақ етудің бір жолы.