Previous Page  490 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 490 / 520 Next Page
Page Background

490

Ислам ғылымхалы

жыртқыштардан қалған жемтік етті жеу харам

қылынды»

466

.

3. Аллаһтан басқаның аты айтылып сойылған мал.

Малды бауыздаған уақытта Аллаһтың атын атап бауыз-

дау шарт. Бауыздаған уақытта

«Бисмиллаһир-рахманир-

рахим»

деуге болатыны сияқты,

«Аллаһу әкбар, яки

Аллаһу а’зам»

деп те айтуға болады.

«Бисмиллаһи, Аллаһу

әкбар»

деп айту – мұстахап.

«Бисмиллаһ»

ұмытылмай,

әдейі айтылмай сойылған малдың етін жеу – харам. Ал

ұмытылып айтылмай қалса, онда жеуге болады.

Әбу Ханифа бойынша, сойылған малдың ішінен

өлі шыққан баласының еті – харам. Бірақ тірі шықса,

«Бисмиллаһ» деп, сойып жеуге болады. Балықтарды

бауыздаусыз жеуге болады.

Христиан және еврейлердің Аллаһтың атын айтып

сойған малдарының етінен жеуге болады. Отқа, пұтқа,

жұлдызға табынатындардың сойған малдарының етін

жеуге болмайды.

Бауыздағануақыттамалдықинамауүшін,өткірпышақ

қолдану керек. Малды сою үшін жерге жатқызғаннан

кейін пышақты көз алдында жалақтатып қайрау –

мәкрүһ. Ал, қинамай сою – сүннет. Пайғамбарымыз бір

хадисінде былай дейді:

«Малды бауыздаған уақытта

жақсылап бауыздаңдар. Кімде-кім мал сойса пышағын

жақсылап қайрасын. Тезірек бауыздап малды рахатына

қауыштырсын»

467

. Малды құбылаға жатқызып сою –

сүннет. Ал, басқа жаққа қарату – мәкрүһ.

4. Бауыздаған уақытта аққан қан. Мал бауыздалған

уақытта денесіндегі қанның көбі сыртқа шығады.

466

Маида, 5/3.

467

Муслим, Сайд,57.