Previous Page  486 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 486 / 520 Next Page
Page Background

486

Ислам ғылымхалы

темір сияқты нәрселермен ұрып, кішкене қанын ағызса,

жеткілікті.

5. Аңшы, қаруымен атып немесе аңға үйретіл-

ген ит, құстары арқылы жаралы қылған аңды қолға

түсіру үшін артынан тоқтамастан қадағалап, ізіне түсу

керек. Өйткені аңды тірідей қолға түсіріп, бауыздауға

мүмкіншілік бар. Ал егер басқа істермен айналысып

жүріп, аң көзден таса болғаннан кейін барып, аңды өлген

күйде тапса, ол аңның етін жеуге болмайды. Өйткені аң

басқа себептермен өлуі де мүмкін. Бірақ аңның артынан

дереу барған күннің өзінде, алған жарақатының салда-

рынан өліп кетсе немесе бауыздауға үлгермей қалса,

бауыздамаса да ол аңның етін жеуге болады.

6. Үйретілген аң иттері сияқты орақ тістері бар

жыртқыштар ұстаған аңдардың еттерінен иесінің

беруінсіз өздері жемеулері керек. Ал ұстаған аңының

етін иесі келмей жатып, өз білгенінше жеп қойса,

ұстаған аңының еті бізге харам. Өйткені үйретілген

иттің ерекшелігі өзі ұстаған аңның етін жемеуінде.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) бұл турасында былай деген:

«Итті жіберген уақытта (аулаған)аңынан жесе,

ол аңнан жеме. Өйткені, ол өзі үшін ұстады. Итіңді

жіберген уақытта аңды өлтіргеннен кейін өзі жемесе,

ол аңды же. Өйткені, ол иесі үшін ұстаған».

Бірақ бүркіт, қаршыға сияқты жыртқыш топшалы

құстар ұстаған аңдарының етінен, иелері келмей жатып

жеп қойған жағдайда да, ол аңның етін жеуге болады.

Аңға үйретілген ит ұстаған аңының қанын ішсе, немесе

иесінің беруімен ұстаған аңының етін жесе, ауланған

аңның етінің халалдығына еш зиянын тигізбейді.