Previous Page  494 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 494 / 520 Next Page
Page Background

494

Ислам ғылымхалы

Зиярат тауабы:

ҚажылардыңАрафаттан қайтқаннан

кейін жасайтын тауабына зиярат тауабы немесе «ифада

тауабы» делінеді. Бұл тауапты жасау – қажылықтың үш

парызының бірі. Зиярат тауабындағы жеті айналымның

төртеуі – парыз, үшеуі – уәжіп.

Ибраһим мақамы:

Қағбаны салу барысында

Ибраһимнің (а.с.) аяғының ізі түскен тас. Қажылықта осы

тұста арнайы намаз оқылып, ерекше зиярат жасалады.

Иғтиқаф:

Бір жерде тұру, күту, өзін бір жерге қамау.

Мешітте яки соған ұқсас жерде ғибадат ниетімен белгілі

бір мезгіл сол жерде қалу.

Ижмағ:

Ислам ғұламаларының белгілі бір мәселенің

үкімінде ортақ көзқарасы.

Изар:

Қажылықта белден төмен қарай жабатын

сүлгі немесе мата.

Изар:

Мәйітті орайтын кебіннің бірі.

Изтиба:

Дененің үстіңгі жағындағы жапқыштың бір

ұшын оң қолтықтың астынан өткізіп, сол иыққа тастап,

оң қолды иықпен бірге ашық тастау.

Истибра:

Кіші дәрет қалдықтарынан түгелдей

арылу.

Истинжа:

Қан, мәни, үлкен дәрет, кіші дәрет сияқты

ластықтардан тазалану.

Истиншақ:

Мұрыннан кеңсірікке дейін су тарту.

Истихара намазы:

Бір істің жақсысын, қайырын,

игілігін тілеу үшін арнайы оқылатын намаз және дұға.

Иттифақ:

Ауызбірлігі.

Ифрад қажылығы:

Миқатта ихрамға кірер кезде

тек қана қажылық ғибадатының атқарылуы ниет етілетін

қажылық түрі. Ифрад қажылығында умрасыз тек қана

қажылық ғибадаты жасалады.