496
Ислам ғылымхалы
Умрасын тәмамдағаннан кейін ихрамнан шықпай
қажылық амалдарын да сол ихраммен аяқтайды. Қиран
қажылығында умра мен қажылықты бірге орындағаны
үшін шүкір құрбанын шалу – уәжіп.
Қиям:
Тіп-тік, түрегеп тұру. Намазда негізгі
парыздардың бірі.
Құбыла:
Меккедегі Қағба.
Құрбан:
Араб тілінде «жақындау» деген мағынаны
білдіреді. Ал шариғаттағы терминдік мағынасы – Аллаһ
Тағаланың ризашылығына жақындау ниетімен құрбан
айт күндерінде шалынатын арнайы малдың аты.
Қырағат:
Намаздағы «Фатихадан» кейін оқылатын
Құран. Ең қысқасы, үш аят немесе осы үш аяттың
көлеміндей бір, яки екі аят.
Лағу анты:
Қателесіп немесе айтқаным дұрыс деп
ойлап ант ету түрі.
Лифафә:
Мәйітті орайтын кебіннің бірі.
Мадмада:
Ауызды сумен шаю.
Масбуқ:
Имамға кешігіп ұйған.
Махрам:
Исламда әйелдің үйленуі харам жақын
туыстары.
Мәйіт:
Бұл өмірден өткен адамның денесі.
Мәкрүһ: Жағымсыз, ұнамсыз, жаман іс-әрекет.
Дәрет пен ғұсыл алғанда суды ысырап ету, т.б.
Мәсіх ету:
Сүрту, сипау.
Миғраж:
Хазіреті Пайғамбардың (с.а.у.) Ұлы
Жаратушыға қарай көкке көтерілуі.
Миқат:
Қажыға немесе умраға баратын адамдардың
ихрамға кірмей өтуге рұқсат етілмеген арнайы жерлер.
Мирасқор:
Өлген кісінің қалған малына иелік ететін
артындағы туған-туыс, ұрпақтары.