Previous Page  502 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 502 / 520 Next Page
Page Background

502

Ислам ғылымхалы

Хадасат:

Рухани ластық. Ғұсылы, дәреті болмау,

хайыз яки нифас жағдайы.

Хайыз:

Әр айдың белгілі күндерінде әйелде пайда

болып, кейбір ғибадаттарға кедергі жасайтын қан.

Харам аумағы:

Өсімдіктерінің жұлынуына және

аңдарының, жалпы жан-жануарларына зиян тигізуге

тыйым салынған Мекке және оның айналасындағы

қасиетті, мүбәрак жерлер.

Харам:

Жасалуы мен пайдалануы Исламдық

тұрғыдан қатаң тыйым салынған нәрселер. Ішімдік ішу,

құмар ойындар, зина жасау, адам өлтіру, ғайбаттау, жала

жабу, т.б.

Хусуф:

Айдың тұтылуы.

Хұтпа:

Жұма күні имамның парыз намазынан бұрын

мінберге шығып оқитын дұғасы.

Һәди:

Аллаһ Тағаланың ризалығы үшін немесе

қажылық ғибадатындағы бір кемшілікке байланысты

немесе ихрамның тыйымдарының біреуін бұзу салда-

рынан кәффарат ретінде Харам аумағында шалыну шар-

тымен алынған, немесе ақшасы жіберілген құрбандық

мал.

Шаут:

Айналым. Қағбаны бір рет айналу – бір шаут,

Сағи жасаған уақытта Сафадан Мәруаға бару – бір шаут,

Мәруадан Сафаға қайта қайту – бір шаут)

Шейіт:

Аллаһ жолында жанын пида еткен адам.